Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі табылды

1 Тамыз, 10:23 661

Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысынан табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағынан табылды.

Астана тұрғынының өліміне байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс аумақтық жағынан Астана қаласының полиция департаментіне беріледі, - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: