Астанада жиһаз цехы өртеніп кетті

19 Ақпан, 10:39 1043

Елордада жиһаз цехы өртке оранды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Сағат 8:44-те Астана ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал көшесі бойынша жоғары дәрежеде шақырылды.

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы 500 шаршы метр.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: