Астанада Жеңіс даңғылындағы учаске уақытша жабылды

16 Маусым 2023, 14:32 558

Астанада Жеңіс даңғылында жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімдік Жеңіс даңғылындағы Бөгенбай батыр даңғылынан Абай көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын жүргізуде.

Осыған байланысты 16-18 маусым күндері аралығында жоғарыда аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

EL.KZ
Бөлісу: