Астанада жеке тұрғынүй аумағында көлік өртенді

8 Шілде, 03:37 713

Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқыс оқиға бүгін Алматы ауданында жеке тұрғын үйдің жанында орын алған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен жеңіл көліктегі өрт толығымен жойылып, оқиғадан ардап шеккендер тіркелген жоқ. Қазір тілсізді жаудың шығу себебі анықталып жатыр. 

ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақыра отырып, жол көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды ескертеді. 

Перизат Саденова
Бөлісу: