20.11.2023
07:27
1198
Астанада жеделсатыдағы темір бөлшек әйелдің басына құлап кетті

Астанада жеделсатыдағы темір бөлшек әйелдің басына құлап кетті

Оқиға 18 қараша күні Астанадағы Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеделсатыдағы темір бөлшек әйелдің басына түсіп кетті. Бұл туралы vse_novosti_kz өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Қан іздері бар суреттер желіде тарады.

Астана полициясы аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.