Астанада жастарға жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды

28 Қазан 2023, 02:13 757

Астана қаласының Тұрғын үй орталығы "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдаунатынын мәлім етті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпарат бойынша, құжаттарды қабылдау 6 қарашада сағат 9:00-ден 12 қараша сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

Барлығы 770 пәтер бөлу жоспарланып отыр. Баспана ұзарту құқығынсыз 3 жылға беріледі. Ай сайынғы жалдау ақысы 5 000 – 15 000 теңге.

Құжаттарды қабылдау тек QATYSU.ZHILFOND.KZ порталы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Шарттары:

отыз бес жасқа толмаған (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының азаматы (азаматы);

аяқталған орта / орта-арнайы / жоғары / жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ресми жұмысқа орналасу;

өтініш берушінің Астана қаласында өтінім бергенге дейін соңғы 3 (үш) жылдан кем емес тұрақты тіркеуі (тіркелуі) болуы;

Астана қаласында өтініш берушінің отбасы мүшелерін (жұбайы/және балалары болған жағдайда) тұрақты тіркеуі) ;

өтініш берушіде және отбасының барлық мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сондай-ақ өтінім берген кезде соңғы 5 (бес) жыл ішінде сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмауы;

өтініш берушінің соңғы 6 айдағы төлем қабілеттілігін растауы (ай сайынғы табысы кемінде 40 АЕК/кемінде 138 000 тг).

Бірінші кезекте ЭЦҚ кілтін алу қажет, ал тізбе бойынша анықтамалар барлығы өтінім беру сәтінде күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей алынуы тиіс.

Өтініміңіздің статусы туралы ақпаратты qatysu.zhilfond.kz порталындағы жеке кабинетіңіз арқылы телефоныңызға SMS хабарлама келгеннен кейін таныса аласыз.

Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарламаға қатысты барлық сұрақ бойынша 109 колл-орталығына (Ұялы телефоннан тегін), 8-776-198-29-70 (WhatsApp) нөмірі бойынша немесе Астана қаласы, Республика даңғылы, 32 мекенжайы бойынша хабарласыңыз.

Перизат Саденова
Бөлісу: