Астанада жастарға арналған 20-дан аса денсаулық орталығы жұмыс істейді

26 Ақпан, 21:19 587

Астанада қазіргі уақытта жастарға арналған 24 денсаулық орталығы жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жастарға арналған денсаулық орталығы (ЖДО) – жасөспірімдер мен жастарға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсететін орталық. Елордада мұндай орталықтар 2021 жылдан бастап дербес жұмыс істеп келеді.

2023 жылы қала бойынша ЖДО саны едәуір өсті, бұл өз кезегінде жастар мен жасөспірімдер үшін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға әкелді. Мәселен, егер 2022 жылы ЖДО мамандарына 52 мыңнан астам адам жүгінсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2,2 есеге – шамамен 116 мың адамға дейін артты.

Орталықтардың тізімін мына сілтеме арқылы білуге болады.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: