12.08.2024
09:22
2727
Астанада Жастар күніне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астанада Жастар күніне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Елордада Жастар күніне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ, Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ және «Сарыарқа» ауданының аппаратымен бірлесіп жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Өтетін орны: «Арбат» жаяу жүргеншілер көшесі.  Ал өтетін уақыты бүгін, 12 тамыз 15:00-ден 17:00-ге дейін жалғасады.