Астанада жастар арасында веложарыс өтті

28 Тамыз 2023, 13:22 1175

Демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында Астанадағы «Триатлон» саябағында веложарыс өтті деп. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Winox» фитнес-клубымен бірлесіп, салауатты өмір салты қажеттілігі идеясын қалыптастыруға бағытталған «Bolashaqqa Jol» жобасы аясында екінші мәрте веложарыс ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шара Конституция күніне орай ұйымдастырылды.
Веложарыста жастардың бос уақытын тиімді өткізуге басымдық беріледі. Іс-шара аясында кішкентай балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында диджейдің қатысуымен ерекше шоу-бағдарлама, сол сияқты пена пати мен зумбадан мастер-класстар қоса өткізілді.

Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ басшысы Шыңғыс Тілеулин жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау барысында ай сайын кемінде бір спорттық іс-шара өткізетіндігін айтты.

Елорданың 400 мыңнан астам тұрғыны – 14-35 жаста. Өкінішке қарай, соңғы жылдары жасөспірімдер арасында синтетикалық есірткіге деген тәуелділік және т.б жаман әдеттер артып кетті. Алдағы жылдары осы іс-шара дәстүрлі түрде өтеді деп, сенемін, - деді Шыңғыс Тілеулин.

Веложарыс барысында әділдік болу үшін, қала ішінде жүретін велосипедпен жарысуға рұқсат етілді.

Нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар анықталды:

1-орын: Рауан Ибраһим (14 жас);
2-орын: Николай Таржанов (17 жас);
3-орын: Данил Абраменко (14 жас).

Веложарысқа 100-ге жуық адам қатысты.

EL.KZ
Бөлісу: