02.08.2025
19:10
322
Астанада жасөспірімдер қоғамдық автобусқа жармасып трюк жасаған

Астанада жасөспірімдер қоғамдық автобусқа жармасып трюк жасаған

Әлеуметтік желіде бірнеше жасөспірімнің қоғамдық көлікке жармасып, жолда жоғары жылдамдықпен қозғалып бара жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. Оқиға Астанадағы Республика даңғылында болғаны анықталды.

Бейнежазбада жастардың автобустың артқы жағына жармасып, қозғалып бара жатқаны анық көрінеді. Бұл әрекет олардың өміріне тікелей қауіп төндірді.

Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта бейнежазбадағы тұлғаларды анықтау жұмыстары қолға алынған.