18.01.2025
17:28
1093
Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Астанада 17 қаңтар күні кешкі сағат 20:00 шамасында жасөспірімнің көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткені хабарланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға елорданың Хан Шатыр аумағында, Әнет баба көшесі бойында болды. Астананың Полиция департаменті қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Оқиғаның нақты себептері тергеу нәтижесінде анықталады.