Астанада жас полицейлердің республикалық слеті өтті

9 Қараша, 01:36 416

Елордада Ішкі істер органдарының жас қызметкерлері мен олардың тәлімгерлерінің республикалық слеті өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға өңірлерден келген жас сақшылар қатысты.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов 2024 жылды кадр әлеуетін арттыру жылы деп бекітті. Биыл бірқатар үлкен іс-шаралар ұйымдастырылды. Әрбір қызметкер үшін жағдай жасалып жатыр. Мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар көрсетіліп жатыр, – деді ІІМ аппарат басшысы Оңал Бекеев.

Сапалы кадр – сапалы қызмет кепілі. Жұмыс тиімділігін арттыру және жас қызметкерлерді қолдау мақсатында ведомство тәлімгерлік институтын қайта жандандырған болатын. Аға буын сақшылар жас мамандарға жөн сілтеп, кәсіби шыңдалуға көмектеседі. Бұл өз кезегінде жастарға қызмет қиындықтарына төзіп, қатарға тез сіңуге ықпал етеді. 

Полиция қатарында 12 жылдан астам қызмет етіп, бес жас қызметкерге тәлімгер болдым. Олар қазіргі уақытта абыроймен қызмет атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде. Әр жас қызметкердің жетістігі мен үшін өз жетістігім болып есептеледі, – деді Атырау облысы ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Абулхайыр Орақ.


Зарина Арман
Бөлісу: