Астанада жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдауды мақсат еткен шара өтпек

16 Қаңтар 2019, 11:11 2826

Іс-шара Жастар жылын ашу аясында өтіп, жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдауға және жастар мен мемлекеттің байланысын күшейтуге бағытталған.

Форумның жұмысына мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, жас табысты кәсіпкерлер, стартаперлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері қатысады.

Форум аясында спикерлер бизнесті ашу және оны дамыту тәжірибесімен бөлісіп, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары және жастар саясаты туралы айтып береді, сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының Кәсіпкерлер қауымдастығы жобаларының және Форумға қатысушылар енгізіп жатқан жаңа технологиялардың таныстырылымы өтеді.

Форумға қатысу үшін мына сілтеме арқылы өтіп, тіркеліңіз

 

 

Бөлісу: