Астанада Жансүгіров көшесінің бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

22 Тамыз, 17:50 225

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы І.Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Ш.Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 23-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: