Астанада «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы өтеді

20 Қазан 2023, 03:23 1551

2023 жылғы 21 қазанда Республика күнін мерекелеу аясында «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» республикалық экологиялық акциясы жоспарланған, сондай-ақ ағаш көшеттерін отырғызу да ұйымдастырылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, акцияның мақсаты - ел халқын өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуда біріктіру.

Елордада акция С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті табиғат жанашырлары мен студенттерінің қатысуымен өткізіледі.

Осындай іс-шараларға табиғатқа жанашыр ұрпақты тарту жұртшылық арасында экологиялық сананы арттыруға, осындай экологиялық бастамаларды дамытуға мүмкіндік береді.

Акция аясында министрлік салтанатты түрде аумақтық экология департаменттеріне 11 автокөлік тапсыруды жоспарлауда. Бұл инспекторлардың ұтқырлығын күшейтуге және уақтылы экологиялық заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Өтетін орны: сағ. 10:00, Есіл ауданы, Қарасу өзенінің оң жағалауы, Қызылсуат ауылы маңындағы айналма жол.

Перизат Саденова
Бөлісу: