Астанада жаңа маршрут іске қосылады

3 Қараша 2023, 18:19 1328

4 қарашадан бастап жаңа автобустарды жеткізу аясында «Үркер» тұрғын алабы – «Нұрлы жол» теміржол вокзалы қатынасымен жаңа №66 бағыт іске қосылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді. Осылайша елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Сондай-ақ Үркер ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж.Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ.Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ Үркер тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады.

Айта кету керек, №66 бағдар қолданыстағы №№ 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: