Астанада жаңа көпірдің құрылысы салынып жатыр

22 Шілде 2023, 18:22 1629

Астанада Кенесары көшесінде Есіл өзені арқылы өтетін көпір салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Астанада бірқатар көпірлерді реконструкциялау және салу жұмысы жүріп жатыр. Оның ішінде қаладағы Тәуелсіздік көпірінің құрылысы, Алаш-Бөгенбай батыр тас жолы бойындағы жол өтпесін реконструкциялау, Пушкин көшесі бойындағы жол өтпесін жөндеу жұмыстары енген.

Сондай-ақ, Н.Тілендиев даңғылы мен Ш.Бейсекова көшесінің қиылысында көлік айрығын салу жұмысы жүргізілуде. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жол жұмысы құрылысының барысымен және жол-көлік желісін дамытудың перспективалық жоспарымен танысты.

Мысалы, қазір Кенесары көшесінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді жобалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл көпірдің құрылысы келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр.

Биыл Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысын аяқтаймыз. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешіті ауданымен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етпек.

Биыл 70-тен астам көше салынып, жөнделеді. Бұл Керей-Жәнібек хандар көшесі Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейін, Мәңгілік Ел даңғылы Салтанатты қақпадан Хусейн бен Талал көшесіне дейін, Ғұмар Қараш, Қордай, Бурабай, Белжайлау, Кенесары көшелері Ғабдуллин көшесінен Республика даңғылына дейін, Уәлиханов көшесінің Кравцов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін, Тәшенов көшесінің Республика даңғылынан Амман көшесіне дейін, Иманбаев көшесі Иманов көшесінен Кенесары көшесіне дейін, Әл-Фараби даңғылы Алаш көшесінен Пушкин көшесіне дейін, Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан Кенесары көшесіне дейін, Еңбекшілер көшесінің құрылысы Ұлы дала даңғылынан Бұқар Жырау көшесіне дейін; Рысқұлов көшесі Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Қайсенов көшесіне дейін, Сарыарқа, Р.Қошқарбаев даңғылдары және т.б. тағы 300 көше ағымдағы жөндеумен қамтылады. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды.

Сонымен қатар, биыл қалаға 400 жаңа автобус жеткізіледі. Олардың 90-ы қалаға келіп үлгерген. 

Асқар Таудай
Бөлісу: