Астанада жаңа экспресс-автобустар желіге шығады

3 Қазан, 15:50 459

Астанада 6 қазанда жаңа №501 және №502 экспресс-бағдарлары желіге шығады. Бұл туралы El.kz ақпарат агенттігі CTS-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Экспресс-бағдарлардың жұмысы жылдам жетуге әрі ыңғайлылыққа, сол сияқты жол жүру уақытын азайтуға және елордада жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға бағытталған.

Бағдарлар бағыты:

№501 экспресс-бағдар – Абайдың 150-жылдығы к-сі – Халықаралық әуежай;

№502 экспресс-бағдар – Теміржол вокзалы – «Бағыстан» ТК қатынасымен жүреді.

Әр бағыт бойынша 8 автобус қызмет көрсетеді, жалпы саны 16 автобус болады. Қатынау жиілігі 14-20 минут.

Жол жүру құны – 250 тг.

Экспресс-бағдарларға мына айлық жол жүру тарифтері жарамды:

«Қала+Экспресс» - 10 000 тг.

«Қала+Экспресс+Қала маңы» - 13 500 тг.

Айта кетейік, айлық жол жүруді сатып алу 16 қазаннан бастап қолжетімді болады және олар 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап әрекет етеді.

Экспресс бағдарлар елорданың негізгі көлік-тасымалдау хабтарын және әлеуметтік маңызы бар объектілері арқылы жүреді. Олардың жүру сызбаларымен CTS Instagram парақшасында Tаplink арқылы танысуға болады.

Экспресс-бағдарлардың жұмысы туралы ақпарат @cts_kz парақшасында жарияланады.

Автобустардың қозғалысын «Avtobys», 2ГИС және Яндекс Карты қосымшалары арқылы бақылауға болады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: