АСТАНАДА ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕБИ КЕШ ӨТЕДІ

17 Сәуір 2019, 00:00 1722

19 сәуірде сағат 17.00-де Достық үйінде өзбек ақыны Әлішер Науаидың шығармашылығына арналған «Шығыс жұлдызы Науаи» атты халықаралық әдеби кеш өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаев, Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан Елшіліктерінің өкілдері, ҚХА мүшелері, Қазақстан және Өзбекстан жазушылары мен науаитанушылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен ақындар, этномәдени және жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысады.

Іс-шара Қазақстандағы Жастар жылы және Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында ұйымдастырылмақшы. Аталған іс-шара шеңберінде астаналық жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында мәнерлеп оқу бойынша байқау өткізіледі.

Бөлісу: