Астанада заңсыз вейп сатқандар ұсталды

18 Шілде, 16:53 500

Астанада полиция вейптерді заңсыз сатқан интернет-дүкенді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, қойма көпқабатты үйдің пәтерінде орналасқан. Интернет-дүкен штатында 28 жастағы иесінен басқа 10 адам жұмыс істеген. Олардың ішінде сатушылар, курьерлер, сұрыптаушылар, сатушы-дроппер, ревизор бар.

Қоймадан 20 мыңнан астам вейп табылды. Тауар телеграмм-арналар арқылы сатылған.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы 200 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алумен жазалауды көздейді, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: