05.10.2022
14:40
1950
Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты

Елорданың сол жағалауындағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлайды El.kz.

Қалалық Төтенше жағдайлар депаратменті бұл ақпаратты растады.

«Бүгін сағат 13:34-те Сығанақ көшесі, 20 мекенжайындағы үйде өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенде 16-қабаттың сыртқы бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Сағат 14:08-де өрт толық сөндірілді», - деп жауап берді Төтенше жағдайлар депаратментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, тілсіз жауды сөндіруге 25 адам және 5 техника жұмылдырылды.