31 қазан күні Астана қаласында велосипедтерді жалға беру маусымы ресми түрде аяқталды, деп хабарлайды El.kz
31 қазаннан 1 қарашаға қараған түні, сағат 00:00-де «Astana Bike» автоматтандырылған станциялардың барлығы бұғатталды. Абонементтер бүгіннен бастап велосипедтерді жалдау қызметін пайдалана алмайды. Алайда, велокөлікті жалға алып қойғандар оларды уақыты өткен кезде станцияға қайтара алады.
«Айта кетейік», келесі маусымға абоненттік төлем сақталмайды. Тек баланс ауыстырылады. Қалаған жағдайда баланстағы ақшаны Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық кассадан қайтарып алуға болады», - деп түсіндірді компаниядан.