Астанада вайнах халқының жер аударылуының 75 жылдығына арналған еске алу күні өтеді

20 Ақпан 2019, 03:39 1689

21 ақпанда сағат 16.00-де Астана қаласының Достық үйінде (Бауыржан Момышұлы даңғ., 24/9) «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы вайнах халқының Қазақстанға жер аударылуының 75 жылдығына арналған еске алу күні өтеді.  

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, бағдарлама барысында жас әртістердің қатысуымен театрландырылған көрініс, тарихи бейнефильм ұсынылып, ғылыми қайраткерлердің аталған тақырып бойынша зерттеген  баяндамалары оқылады

Шешендер мен ингуштардың депортациялау тарихына сәйкес, Шешен-Ингуш АКСР аумағынан және оған іргелес аудандардан Қазақстан және Қырғызстанға 1944 жылдың 23 ақпаны мен 9 наурыз аралығында, түрлі ақпарат көзіне сәйкес,  шамамен 500-650 мың шешен мен ингуш,  яғни екі халықтың әрбір төртіншісі жер аударылды.

Бөлісу: