03.05.2025
18:55
1047
Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бәйгеден республикалық турнир өтеді

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бәйгеден республикалық турнир өтеді

4 мамыр күні елордадағы «Қазанат» ипподромында классикалық ат жарысы мен бәйгенің ауқымды турнирі — «Astana Cup» өтеді. Жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үздік жүйріктер қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Келушілерді 1200 м, 1600 м, 1800 м, 2000 м қашықтықтағы бәйгелермен қатар, аңызға айналған 12 шақырымдық «топ бәйге» мен 18 шақырымдық «аламан бәйге» күтіп тұр.

Басталуы: 12:00. Кіру тегін.

«Қазанат» ипподромына №303, 309 және 323 бағытындағы автобустармен жетуге болады.