Астанада Ұлттық ұлан сарбазы жасөспірімді құтқарды

15 Маусым, 23:14 535

Астанада Ұлттық ұлан сарбазы жасөспірімді құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ-нің мәліметінше, жасөсрпірімдер өзара дауласып, өзенді бір шетінен екінші шетіне жүзуге бекінген. Алайда шешімнің нәтижесінде ол судан өздігінен шыға алмай қалды. 

Осы уақытта Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің жас сарбазы қатардағы жауынгер Махмет Әлішер суға түсіп, 2008 жылы туған жасөспірімді судан құтқарды, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында. 

Бұл жағдай қайғылы оқиғамен аяқталуы мүмкін еді, бірақ сарбаздың жедел әрекетінің арқасында тағы бір өмір құтқарылды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: