18.10.2025
10:07
573
Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді

Астанада «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығы» өтеді

20–24 қазан аралығында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі барша көрермендерді «Ұлттық анимациялық фильмдер апталығына» шақырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Апталық барысында көрермендерге отандық анимация өнерінің үздік туындылары ұсынылады. Бағдарламада цифрландырылған классикалық мультфильмдермен қатар, жаңа заманауи жобалар да бар. Бұл іс-шара – ұлттық режиссерлердің еңбегімен және қазіргі қазақ анимациясының даму бағыттарымен танысудың тамаша мүмкіндігі.

Көрсетілім уақыты: 20–24 қазан
Өтетін орны: Астана қаласы, «Қазақстан» Орталық концерт залы (Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1)
Басталуы: 16:00
Кіру тегін.