Астанада ұландықтар есінен танып қалған әйелге алғашқы көмек көрсетті

2 Шілде, 03:53 479

Астанада орналасқан ҚР Ұлттық ұланы 5573 әскери бөлімінің сарбаздары қалада қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде есінен танып қалған әйелге алғашқы көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 30 маусым күні сағат 17:00 шамасында болды. Қала тыныштығын қадағалап жүрген патрульдік топ бастығы қатардағы жауынгер Жанат Балтин және оның көмекшілері Сұлтан Тумаков пен Исмайыл Керей “Атырау” жаяу жүргіншілер көпірінің жанындағы патрульдеу бағыттарының бірінде есінен танып қалған әйелді көрген. Ұландықтар тұрғынға дереу алғашқы көмек көрсетіп, қауіптің алдын алды.

Біз өзімізге жүктелген жерді барлау барысында күтпеген жерден көшеде ес-түссіз жатқан әйел адамды көрдік. Оған жүгіріп барып, алғашқы көмек көрсеттік. Содан кейін оқиға орнына дәрігерлер шақырылды, – деді қатардағы жауынгер Жанат Балтин.

Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін әйел қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.

Перизат Саденова
Бөлісу: