Астанада уәкілетті орган жетім балаларды тұрғын үй кезегіне қоюдан бас тартқан

14 Тамыз, 10:25 475

Тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады. Прокуратура мәліметінше, уәкілетті орган балаларды кезекке қоюдан бас тартқан.

Уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан, - делінген мәліметте.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алуға кезекке қойылды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: