Астанада түркі әдебиетінің классигі Мұхаммед Физулидің кітабының тұсауы кесілді

24 Қыркүйек, 23:44 438

Қазақстанда Әзербайжан мәдениеті күндері өтіп жатыр. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында түркі әдебиетінің көрнекті өкілінің «Мұхаммед Физули – 530 өлең жолы» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, халықаралық іс-шараға Қазақстан мен Әзербайжанның ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жазушылар, ақындар, аудармашылар, әдебиеттанушылар, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.

Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры жарыққа шығарған кітап Әзербайжанның ұлы ақыны және түркі әдебиетінің классигі Мұхаммед Физулидің 530 жылдығына арналған. Кітап ақынның 22 ғазалы мен 6 хасидасынан – 530 өлең жолынан тұрады, - делінген мәліметте.

Қатысушылар Қазақстан мен Әзербайжанды ортақ мәдени мұралар тығыз байланыстыратынын атап өтті. Қорқыт атаның «Китаби дедем Қорқыт», Махмұд Қашқаридің «Диуан Лұғат ат-Түркі», Жүсіп Баласұғын мен Низами Гәнжауидің үндескен трактаттары, Насир әд-Дин әт-Туси мен Имамеддин Насимидің философиялық ойлары түркі әлемі үшін ерекше құнды.

Зарина Арман
Бөлісу: