Астанада Тұран даңғылының учаскесі уақытша жабылады

29 Тамыз, 19:08 471

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте көлік құралдарының қозғалысы оң жақ съездер бойынша бағытталатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Перизат Саденова
Бөлісу: