Астанада Тұран даңғылындағы жол учаскесі уақытша жабылады

30 Шілде, 02:27 645

Астанада Тұран даңғылы бойындағы Жұлдыз айналымынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскедегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жол уақытша жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, аталған жер учаскесінде 1 тамызға дейін көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Бұған дейін жолдың екінші жағы жабылған еді. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (қала бағытынан әуежай бағытына қарай) жүзеге асырылатын болады. 
Сондай-ақ Жұлдыз айналымының учаскесі ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ескертеміз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз,-делінген хабарламада.

 

Перизат Саденова
Бөлісу: