25.02.2024
23:40
1032
Астанада түнгі ауысымға 1000-ға жуық арнайы техника қар тазалауға шығарылды

Астанада түнгі ауысымға 1000-ға жуық арнайы техника қар тазалауға шығарылды

Астанада коммуналдық қызмет мамандары күндіз 36,1 мың текше метр қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

25 ақпан күні түнгі ауысымға қар күреу жұмысына 200-ден аса жол жұмысшы, 881 арнайы техника жұмылдырылды.

Коммуналдық қызмет мамандары 25 ақпан күні күндіз 2800-ге жуық рейс арқылы 36,1 мың текше метрден астам қар шығарылды.

Ал қыс басынан бері 386,2 мың рейс арқылы 5 млн 242 мың текше метр қар шығарылды.

Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының жүріп-тұруының қауіпсіздігі үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.