Бүгін елорданың коммуналдық қызметтері қаладан 7 мың текше метрден астам қар шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
6-ынан 7 желтоқсанға қараған түнгі ауысымда қала көшелерінен қар мен мұзды тазалауға 200-ден астам жол жұмысшысы мен 700-ден астам арнайы техника шықты. Қар полигондарына 598 ауыр жүк рейсімен 7 мың текше метрден астам қар шығарылды.
Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 66 822 рейспен 853 мың текше метр қар шығарылды. Ережеге сәйкес, ең алдымен, қалада кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс учаскелері тазаланады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т. б. орындар қардан тазартылады,-делінген қала әкімдігі мәліметінде.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау басымдыққа ие.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигоны жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.