13.09.2023
23:10
1078
Астанада төрт тиктокер гипермаркетте жасырынған

Астанада төрт тиктокер гипермаркетте жасырынған

13 қыркүйек күні TikTok әлеуметтік желісін бақылау барысында төрт жас жігіт «Анвар» гипермаркетінде оның жабылуын күткен видеоконтент анықталды.

ҚР ІІМ мәліметінше, олар іште қалып, мінез-құлық мәдениетіне сәйкес келмейтін әрекеттерге барған. Құқық бұзушылар жеке күзет мекемесінің жедел әрекет ету тобының қызметкерлерімен ұсталып, кейін олар мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды.

Бұзақылар ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімі шыққанға дейін уақытша ұстау изоляторына қамалды.