Астанада Төле би көшесінің учаскесінде жол торабы ашылды

Кеше, 16:43 273

27 қазаннан бастап Астанада Төле би көшесінің бойында Қ.Мұхамедханов көшесінен Халифа бен Зейд Әл-Нахайян көшесіне дейін жол торабы ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл іс-шаралар Төле би/Қ.Мұхамеджанов көшелерінің қиылысында бағдаршам нысанын орнатуды қамтитын жаңа қиылысты жайластыру бойынша жүргізілген жұмыстардың арқасында мүмкін болды.

Бұл өзгерістер осы аудандағы жол қозғалысының қауіпсіздігін және жалпы қозғалыс жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл ретте іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: