Астанада «Театрлы Еуразия» халықаралық театр форумы басталды

5 Шілде, 14:03 771

«Театрлы Еуразия» халықаралық театр форумы елордалық М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш форум Азияда алғаш рет 5-7 шілде аралығында көше театры жұлдыздарының қатысуымен өткізіледі.

Суреттер: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Халықаралық театр форумының авторы Эльмира Щербакованың сөзінше, форумға 4 мемлекет, яғни Қазақстан, Ресей, Польша, Эстония қатысады. Форумның масштабы өте ауқымды. Бұндай үлкен халықаралық театр форумы Азияда алғаш рет өтіп жатыр. Бүгінгі жиында XXI ғасырдың тренді, театр саласындағы мәселелер жайында сөз қозғалды. Енді кешке форумның ашылуына орай, «Дядюшкин сон» қойылымы сомдалады, – деді Эльмира Щербакова.

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Астана күні қарсаңында 100-ден астам түрлі іс-шара өтетінін айтты.

Сурет: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Әр ұлттың мақтанышы – өнері мен мәдениеті. Ал театр болса, ұлттың асыл қазынасы. Театрдың қоғамдағы мәдениеттің дамуы үшін атқаратын рөлі маңызды. Осы ретте кездесуге жиналған өнер иелерін, қатысушыларды мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тілегім келеді, – деді ол.

Суреттер: El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Форумның ашылуына Мәскеу театрының «Драмалық өнер мектебі» жастар бағдарламасының жетекшісі Глеб Черепанов, «Giraffe Royal» театрының көркемдік жетекшісі Станислав Варкки, Астана және Мәскеу театрларының жетекшілері, Эстония мен Ресейден келген актерлер, сондай-ақ барша өнерсүйер қауым қатысты. 

Бүгін кешке фестивальдің құрметті қонақтары мен форумға қатысушылар үшін Ресей астанасынан келген актерлер Мәскеу драма өнері мектебі «Дядюшкин сон» театрының қойылымын сомдайды.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: