Ғылым және жоғары білім министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі және ҚР Президентінің Іс басқармасының, жетекші ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен қазақтың Тазысы мен Төбет ит тұқымдарын зерттеу, сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дөңгелек үстел аясында қазақтың Тазысы мен Төбет ит тұқымдарын зерттеу, сақтау және молайтудың өзекті мәселелері талқыланды, салалық министрліктердің, ғалымдар мен кинолог-мамандардың баяндамалары тыңдалды.
Атап айтқанда, Генетика және физиология институтының бас директоры Гүлнұр Жүнісова жүргізілген ғылыми зерттеулер бойынша, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады. Зерттеу аясында Қазақстанның түрлі өңірлерінен Тазы итінің биоматериалдар банкі мен ДНҚ-сы құрылды. Фингерпринтинг- ДНҚ негізінде 200-ден астам Тазы иттері иесіне генетикалық төлқұжаттар берілді.
Жоба нәтижелері бойынша ғылым саласында алғаш рет Тазы тұқымымен таныстыратын, селекционерлер, эволюционистер және генетиктер үшін құнды ақпаратты қамтитын және Қазақстан кинологтар одағы халықаралық деңгейде Тазы тұқымын тану процесінде қолданып жүрген жоғары рейтингтік журналдарда мақалалар жарияланды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың соңында Генетика және физиология институтында Төбет тұқымының генетикасын ресурстарын зерттеу және криосақтау жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру басталды.
Осындай зерттеулерді жүргізу Қазақстанды бірегей тұқымдарды іріктеуде заманауи генетикалық әдістерді қолданатын озық елдер деңгейіне шығарады және биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы отандық ғылымның беделін арттырады.