Астанада Тәжікстанның көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

10 Тамыз, 17:12 385

Астанада ауыл шаруашылығы өнімдерінің, ұлттық қолөнердің және Тәжікстанның ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жәрмеңкеде жаңа піскен жеміс-жидек, көкөніс, табиғи бал, жаңғақ, кептірілген жеміс, түрлі дәмдеуіштер және т.б. бар. Сондай-ақ  жәрмеңкеде ұлттық қолөнер бұйымдарын – былғарыдан, керамикадан, ағаштан жасалған бұйымдарды, қолдан тігілген кілемдерді, кәдесыйларды, дәстүрлі тәжік тағамдарын сатып алуға болады.

Жәрмеңке «Барыс-Арена» спорт кешеніне іргелес аумақта бүгін 10 тамыз сағат 19:00-ге дейін, 11 тамыз күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: