Астанада Ташенев көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады

4 Маусым, 14:51 400

Елордада 4-7 маусым аралығында Ташенев көшесінің учаскесі жөндеуге жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ж. Тәшенев көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Елорда әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, осыған байланысты 4-7 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.

Әкімдік Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: