Астанада тағы бір көшенің учаскесі жөндеуге жабылады

15 Шілде, 09:26 430

Астанада тағы бір көшенің учаскесі жөндеуге жабылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Тлендиев даңғылынан Жаңақоныс көшесіне дейінгі Келешек тұйық көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды.

Осыған байланысты 15 шілде сағат 07:00-ден 16 шілде сағат 07:00-ге дейін аталған учаске толығымен жабылады.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес көшелерге көшіріледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: