Астанада тағы бір көшедегі учаске жөндеу жұмысына байланысты жабылды

6 Маусым 2023, 10:27 749

Астанадағы Жангелдин көшесінде жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық әкімдікке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 6-10 маусым күндері Жангелдин көшесінің Республика даңғылынан С.Рахимов көшесіне дейінгі учаскесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс жағдайларын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

EL.KZ
Бөлісу: