17.07.2025
19:05
48059
Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Керей-Жәнібек хандары көшесінің Түркістан көшесінен Сауран көшесіне дейінгі аралығында жол төсемінің үстіңгі қабатын саады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 19-21 шілде аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген мәліметте.