11.07.2024
18:00
878
Астанада тағы бір көше жабылады

Астанада тағы бір көше жабылады

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев көшесінен Амман көшесіне дейінгі учаскеде Ж.Тәшенов көшесіндегі жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 12-15 шілде аралығында жоғарыда аталған қиылыс ішінара жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.