Астанада тағы 40 жаңа автобус жолға шықты

23 Сәуір, 15:11 486

Астана тұрғындары мен қала қонақтарына қызмет көрсету үшін елорда көшелеріне 18 метрлік жаңа 40 автобус шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін CTS баспасөз қызметі наурыз айында елорданың қоғамдық көлігінің жылжымалы құрамы 18 метрлік жаңа 40 автобуспен толығатыны және ресімдеу, жабдықты орнату жұмыстары аяқталғаннан кейін қала бағдарларына қосылатыны туралы хабарлаған болатын.

Осы 40 автобус дайын болды және олар №44, 10, 9, 7 бағдарларына жіберілді. Оның ішінде 16 автобус №44 бағдарға жіберіліп, бағдардың жылжымалы құрамы толықтай 18 метрлік автобустарға ауыстырылды, – деп жазылған CTS баспасөз қызметінің хабарламасында.

14 автобус №7 бағдарға жіберілсе, қалған автобустар №9 және №10 бағдарларына бөлінді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: