Астанада түрік этномәдени орталығы Қазақ зағиптар қоғамымен бірлесіп мерекелік шара өткізді

4 Наурыз 2019, 03:02 3087

Астана қаласының Достық үйінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығы мерекелік кеш өткізді.

Астана қаласының Достық үйінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығы мерекелік кеш өткізді.

Іс-шараны Астана қаласының «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» және қалалық «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестіктері бірігіп ұйымдастырды.

Аталған іс-шараның мақсаты – қоғамның назарын көру қабілетінен айрылған зағип жандардың мәселелеріне аудару.

Астана қаласының «Қазақ зағиптар қоғамы» қоғамдық бірлестігі жетекшісі Ерғали Бұхаров мерекеге жиналған әйелдер қауымын 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді.

«Біз сегіз жылдан бері түрік этномәдени орталығымен бірлесіп, көру қабілетінен айрылған жандарды Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында құттықтау дәстүрін қалыптастырдық.

Биыл мереке Достық үйінде алғаш рет атап өтілуде. Осы уақытқа дейін мұндай іс-шараны жылына бір рет ұйымдастыратынбыз, енді алдағы уақытта бірлескен іс-шараларды жиі өткізетін боламыз.

Бізбен бірге қоғам мүшелеріне сый-құрмет көрсетіп жүрген адамдарға мың алғыс», – деді Е. Бұхаров.

Өз кезегінде «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» акциясы күнтізбесіндегі «Шашу» айында түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Пириевтің қайырымдылық іс-шараларына үнемі қатысып, қайырлы бастамаларды ұйымдастырып жүретінін айтты. Сонымен қатар басшылықтың айтуынша, басқа да этномәдени орталықтар қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырып отырады.  

Қайырымдылық іс-шараның барысында зағип жандарға концерттік бағдарлама қойылып, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Түрік этномәдени орталығының төрағасы Аскер Пириев қатысушыларға мерекелік құттықтауын жеткізіп, көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні мерекесі Халықаралық әйелдер күні – нәзік жандыларға құрмет көрсетілетін тамаша мерекемен жалғасатынына тоқталып өтті. Сегіз жыл бұрын алғаш рет ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шара жылдан жылға үздіксіз дәстүрлі түрде жалғасын тауып келе жатыр. Сонымен қатар ол «Қазақ зағиптар қоғамы» бірлестігіне игі бастамаға үнемі қолдау білдіріп отырғаны үшін алғысын білдірді.

ІС-ШАРАНЫҢ ФОТОСУРЕТТЕРІН МЫНА ЖЕРДЕН КӨРУГЕ БОЛАДЫ...

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР:

АСТАНАЛЫҚ КҮРД ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫ ӘМИНАҒА ЗАМАНАУИ ОРТОПЕДИЯЛЫҚ МҮГЕДЕКТЕР АРБАШАСЫН ТАРТУ ЕТТІ

АСТАНАДА «ВАЙНАХ» ШЕШЕН-ИНГУШ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу: