Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі жабылады

28 Тамыз, 19:11 412

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесінің сол жағы бойынша Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, 28-30 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етілетін болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Зарина Арман
Бөлісу: