Астанада Сығанақ көшесі - Мәңгілік Ел даңғылының қиылысы жабылады

25 Қыркүйек, 15:36 277

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сығанақ көшесі - Мәңгілік Ел даңғылының қиылысындағы көпірде жаяу жүргіншілер плиталарын бөлшектеу бойынша жұмыстарының жүргізілтенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 26 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін және 27 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: