Астанада масаң күйде болған екі жігіт супермаркеттен құны 100 мың теңгеден асатын бірнеше виски ұрлаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті жігіттер дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, ашық тұрған сөреден 8 бөтелке алкогольдік ішімдікті пакетке салып, еш кедергісіз шығып кеткен. Қаскүнемдердің бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түскен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері күдікті екі жігітті анықтады. Олар жасаған іс-әрекеттерін мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда олардың елорда аумағында тіркелген басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.