Астанада Сирия бойынша кезекті кездесу өтеді

22 Қараша 2022, 03:14 1110

Келіссөзге Ресей, Түркия, Иран, Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады

22-23 қарашада бас қаламызда Сирия бойынша Астана форматында кезекті 19-халықаралық кездесу өтеді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия Үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ливан және Ирак өкілдері келеді деп күтілуде.

“Ресей делегациясын Ресей Федерациясы Президентінің Сирияны реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясын – СІМ Бас директоры Унал Сельчук, Иран делагациясын – Сыртқы істер министрінің аға көмекшісі Хаджи Али Асгар, Сирия Үкіметінің делегациясын – Сыртқы істер министрінің орынбасары Мухаммед Айман Сусан, Сирия оппозициясының делегациясын Ахмад Тома басқарады”, - деді Айбек Смадияров.

EL.KZ
Бөлісу: