12.08.2025
14:45
512
Астанада «Silk Way Star» атты алғашқы халықаралық музыкалық байқау өтеді

Астанада «Silk Way Star» атты алғашқы халықаралық музыкалық байқау өтеді

Астанада Орталық Азия тарихындағы тұңғыш халықаралық «Silk Way Star» ән байқауы өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл шара аймақтағы музыкалық шоулардың жаңа форматы ретінде ұсынылады, сонымен қатар жылдың ең ірі мәдени премьерасы болмақ.

Әзербайжаннан Оңтүстік Кореяға дейінгі аумақта орналасқан 12 елдің орындаушылары бір сахнада кездеседі. Қатысушылар заманауи сахналық қойылымда өз елінің мәдениеті мен дәстүрін ән арқылы көрерменге паш етеді.

Түсірілім 20 тамызда басталады, ал ақтық сын 22 қарашада "Jibek Joly / Silk Way" телеарнасының тікелей эфирінде және қатысушы елдердің жетекші арналарында көрсетіледі.